05.05.2023 жағдай бойынша Павлодар облысының АӨК бойынша ағымдағы жағдай (апта сайынғы ақпарат)

2023 жылғы қаңтар-наурызда АШ ЖӨӨ көлемі 45,0 млрд. теңгені, НКИ 105,4% (мал шаруашылығы – 43,0 млрд.теңге немесе 105,6%, өсімдік шаруашылығы – 2,0 млрд. теңге немесе 100,0%) құрады. 

2022 жылғы қаңтар-наурызда АШ негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 18,0 млрд. теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 125,7% құрады.    

2023 жылы 103 тұрақты жұмыс орнын құрумен 28 млрд.теңге сомасына 7 жобаны іске асыру жоспарлануда.

- 3 сүт-тауар фермасы құны 8 млрд.теңге болатын 1 200 басқа арналған («Andas agro» ШҚ (Павлодар ауданы). Қуаттылығы жылына 10 мың тонна сүт; «Кронос Павлодар» ЖШС (Ақсу қ.а.а.) құны 12,0 млрд. теңге болатын 1 893 басқа. Қуаттылығы жылына 12 мың тонна сүт; «БИК» ЖШС (Успен ауданы) құны 4,7 млрд.теңге болатын 515 басқа. Қуаты жылына 3,2 мың тонна сүт;

- 20 мың тоннаға 2 көкөніс қоймасы («Агата» ШҚ (Ақсу қ.а.а.), құны 1,4 млрд. теңге; «Ақтоғай Агро» ЖШС (Ақтоғай ауданы) 9 мың тоннаға, құны 500 млн. теңге;    

- құны 1 млрд. теңге болатын 1000 басқа арналған «Ертіс су» ШҚ (Аққулы ауданы) бордақылау алаңы;

- құны 400 млн.теңге болатын «Turkey PVL» ЖШС (Павлодар ауданы) құс фабрикасын кеңейту жобасы.Жобалық қуаттылығы – жылына 8 мың тонна күркетауық еті.

05.05.2023 жағдай бойынша Павлодар облысының АӨК бойынша ағымдағы жағдай (апта сайынғы ақпарат)
Дата публикации
05 мая 2023