2023 жылғы қаңтар-наурызда АШ ЖӨӨ көлемі 45,0 млрд. теңгені, НКИ 105,4% (мал шаруашылығы – 43,0 млрд.теңге немесе 105,6%, өсімдік шаруашылығы – 2,0 млрд. теңге немесе 100,0%) құрады.
2022 жылғы қаңтар-наурызда АШ негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 18,0 млрд. теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 125,7% құрады.
2023 жылы 103 тұрақты жұмыс орнын құрумен 28 млрд.теңге сомасына 7 жобаны іске асыру жоспарлануда.
- 3 сүт-тауар фермасы құны 8 млрд.теңге болатын 1 200 басқа арналған («Andas agro» ШҚ (Павлодар ауданы). Қуаттылығы жылына 10 мың тонна сүт; «Кронос Павлодар» ЖШС (Ақсу қ.а.а.) құны 12,0 млрд. теңге болатын 1 893 басқа. Қуаттылығы жылына 12 мың тонна сүт; «БИК» ЖШС (Успен ауданы) құны 4,7 млрд.теңге болатын 515 басқа. Қуаты жылына 3,2 мың тонна сүт;
- 20 мың тоннаға 2 көкөніс қоймасы («Агата» ШҚ (Ақсу қ.а.а.), құны 1,4 млрд. теңге; «Ақтоғай Агро» ЖШС (Ақтоғай ауданы) 9 мың тоннаға, құны 500 млн. теңге;
- құны 1 млрд. теңге болатын 1000 басқа арналған «Ертіс су» ШҚ (Аққулы ауданы) бордақылау алаңы;
- құны 400 млн.теңге болатын «Turkey PVL» ЖШС (Павлодар ауданы) құс фабрикасын кеңейту жобасы.Жобалық қуаттылығы – жылына 8 мың тонна күркетауық еті.
ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ. 2023 жылы болжамды егіс алқабы 1 618,8 мың га (2022 жылы – 1 568,9 мың га) құрайды, бұл дәнді, жемшөп және картоп дақылдарын кеңейту есебінен өткен жылғы деңгейден 49,9 мың га немесе 3% - ға артық, оның ішінде:
- дәнді дақылдар -963,7 мың га, 1 % (2022 жылы – 951,5 мың га);
– майлы дақылдар-288,0 мың га (288,0 мың га);
– жемшөп дақылдары-332,3 мың га, 13% (295,1 мың га);
– картоп-24,9 мың га (24,9 мың га);
- көкөністер мен бақша дақылдары – 9,9 мың га, 6 % (9,3 мың га).
Көктемгі дала жұмыстары аясында ылғалды жабу 856,8 мың га (жоспар - 1 041,8 мың га) немесе жоспардың 82%, көктемгі жер жырту 80,7 мың га (жоспар - 281,5 мың га) немесе 29% алаңда жүргізілді.
Егіс 6,7 мың га (жоспар – 1 380,2 мың га) алқапта жүргізілді немесе жоспардан 0,5%, оның ішінде:
- дәнді дақылдар – 6,2 мың га (жоспар – 961,4 мың га) немесе 0,7%;
- көкөністер – 0,5 мы4 га (жоспар – 7,8 мың га) немесе 6,5%;
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 23,8 мың тонна (ақпан - 2,4 мың тонна, наурыз - 8,0 мың тонна; сәуір - 9,6 мың тонна, мамыр - 3,8 мың тонна) арзандатылған жанармай отыны бөлінді. Бөлінген көлемге 20 мың тоннаға (жоспардан 84%) өтінім берілді, 18,8 мың тонна (94%) төленді, 15,0 мың тонна (75%) шығарылды.
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. 2023 жылғы 1 сәуірдағы жағдай бойынша сүт өндірісі 5,9% - ға, тірі салмақтағы ет өндірісі 4,6% - ға өсті, жұмыртқа өндірісі 2,4% - ға төмендеді.
73,0 мың тонна сүт (105,9%), тірі салмақтағы ет 21,7 мың тонна (104,6%) және жұмыртқа 52,4 млн.дана (97,6%) өндірілді.
Анықтама: 01.04.2023 жылға ІҚМ – 597,0 мың бас (105,4%, 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда), қой – 715,9 мың бас (104,6%), ешкі – 88,9 мың бас (104,4%), шошқа – 123,1 мың бас (137,5%), жылқы – 248,0 мың бас (111,9%) және құстар – 1 394,1 мың бас (97,6%).
Ет және ет өнімдерінің экспорты 170,6 тоннаны құрады (2022 жылғы ұқсас деңгейге 311% (54,8 тонна).
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВТЕРІ. Облыста 107 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс істейді, олардың саны шамамен 249 адамды құрайды.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 1,5 млрд. теңге қарастырылған. Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде сенімді агент – «Павлодар» ӘКК» АҚ анықталды. Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Қазынашылық комитетінде Үшжақты кредиттік шарт тіркелді. Әкімдіктер бағдарламаны іске асыру бойынша жұмыс топтарын құрды. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 10 қалалар мен аудандарда (Ақсу қ., Екібастұз қ., Ақтоғай, Аққулы, Баянауыл, Ертіс, Май, Павлодарское, Успен және Шарбақты) көшпелі кеңестер өткізілді.
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ. 2023 жылға барлық деңгейдегі бюджеттерден барлығы 42,7 млрд. теңге бөлінді.
- тұқым шаруашылығы - 886,5 млн. теңге;
- пестицидтердің құны - 1 566,6 млн. теңге;
- су жеткізу қызметтерінің құны - 308,2 млн. теңге;
- тыңайтқыштардың құны - 914,4 млн. теңге;
- мал шаруашылығын дамыту - 6 863,8 млн. теңге;
- қайта өңдеу кәсіпорындарын дамыту – 2 552,9 млн. теңге;
- инвестициялық субсидиялау - 10 761,1 млн. теңге;
- сақтандыруды субсидиялау - 22,3 млн. теңге;
- сыйақы мөлшерлемесі - 7 003,2 млн. теңге;
- зиянды организмдерге қарсы күрес бойынша іс-шаралар өткізу-14,7 млн. теңге;
- сорттық және егістік қасиеттерін анықтау - 45,0 млн. теңге;
- азық-түлік астығын субсидиялау – 230,5 млн. тенге;
- АӨК инвестжобаларын кредиттеуге – 10 000,0 млн. тенге;
– «Ауыл аманаты» жобасы бойынша микрокредиттеу - 1 500,0 млн.теңге.
Барлығы 10 790,9 млн. теңге немесе 25% игерілді:
- инвестициялық субсидиялау – 3 000,0 млн. теңге;
- мал шаруашылығын дамыту – 4 500,0 млн. теңге;
- сыйақы мөлшерлемесі – 1 450,0 млн. теңге;
- тыңайтқыштардың құны – 214,4 млн. теңге;
- сақтандыруды субсидиялау – 18,1 млн. теңге;
- сорттық және егістік қасиеттерін анықтау – 20,2 млн. теңге;
- басқа бағдарламалар – 88,2 млн. теңге.
– «Ауыл аманаты» жобасы бойынша микрокредиттеу - 1 500,0 млн.теңге.
НЕСИЕЛЕУ. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымдық бөлімшелері 2023 жылы жалпы сомасы 13 719,6 млн. теңгеге 315 кредит берілді, оның ішінде:
- «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ арқылы 6 189,1 млн. теңгеге 223 кредит, оның ішінде.:
- «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 3 236,0 млн. теңгеге 93 кредит берілді;
- «Кең дала» бағдарламасы бойынша 2 781,0 млн. теңгеге 103 кредит;
- «Іскер» (реинвест) бағдарламасы бойынша 172,1 млн. теңгеге 27 кредит.
- «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 7 530,5 млн.теңге сомасына 92 қарыз алушы кредиттелді, 203 бірлік техника сатып алынды.
ШАҒЫН НЕСИЕЛЕУ. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 1 295,9 млн.теңге бөлінді. 2022 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы 28 сәуіріне дейін 1 164,1 млн. теңге сомасына 223 кредит берілді.