Павлодар облысы әкімдігінің «2023 жылға арналған субсидияланатын пестицидтердің тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту» туралы қаулы жобасына баспасөз-релизі

Павлодар облысы әкімдігінің
«2023 жылға арналған субсидияланатын пестицидтердің
тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді субсидиялауға
бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту» туралы
қаулы жобасына баспасөз-релизі

 Аталған қаулыны қабылдау мақсаты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арамшөптерге, зиянкестерге және ауруларға қарсы өңдеу жүргізуге арналған сатып алынған пестицидтердің шығындарын өтеу үшін субсидия төлеуді көздейді.

Қаулы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 78-тармағына сәйкес, субсидияланатын пестицидтердің тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ субсидиялау көлемдерін келісу туралы ҚР АШМ  28.02.2023 жылғы № 2823 хатына сәйкес әзірленген.

Жоба 2023 жылғы 03 наурызда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды, 2023 жылғы 20 наурызға дейін өзекті. https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14438902

Бюджеттік бағдарлама бойынша жалпы сома 1 566 602,0 мың. теңге құрайды.

Павлодар облысы әкімдігінің «2023 жылға арналған субсидияланатын пестицидтердің тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту» туралы қаулы жобасына баспасөз-релизі
Дата публикации
09 марта 2023