2023 жылға арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, «Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 78-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мыналар бекітілсін:

осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормалары;

2023 жылға арналған пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға 1 566 602 000 (бір миллиард бес жүз алпыс алты миллион алты жүз екі мың) теңге қаражатының бюджет көлемдері.

  1. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының Қазақстан Республикасы аумақтық әділет органы мемлекеттік тіркелуін;

осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылауды Павлодар облысы әкімінің жетекшелік ететін орынбасарна жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

2023 жылға арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы
Дата публикации
09 марта 2023