Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы 2022 жылдың IV тоқсанында 1699 мемлекеттік қызмет көрсетті (жеке тұлға – 703, заңды тұлға - 996), бас тартылды – 416 (жеке тұлға – 13, заңды тұлға - 403). Мемлекеттік қызметтер электронды түрде Qoldau.kz ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілді, рұқсат беру құжаттарын беруге келетін болсақ, бұл мемлекеттік қызметтер «E-license» ақпараттық жүйесі арқылы іске асырылды.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін интернет-ресурста «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі құрылды, онда нормативтік-құқықтық актілер, көрсетілген қызметтер бойынша анықтамалық ақпарат, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрлері және қандай да бір мемлекеттік қызметті қалай алуға болатыны туралы ақпарат орналастырылған.