Аталған қаулыны қабылдау мақсаты 2023 жылға минералдық тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту болып табылады.
Қаулы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына сәйкес әзірленген.
Жоба 2023 жылғы 16 қаңтарда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды, 2023 жылғы 30 қаңтарға дейін өзекті.
https://legalacts.egov.kz/arm/adminarchive/index
Аталған қаулыны іске асыру үшін жергілікті бюджеттен «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау» 047 бағдарламасы бойынша 914 414 000 (тоғыз жүз он төрт миллион төрт жүз он төрт мың) теңге сомасында қаражат бөлінді.