2023 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тынайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» № 107 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық   актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген)

Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  

  1. Қоса беріліп отырған 2023 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерiнің тізбесі және тынайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) субсидиялар нормалары, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға 914 414 000 (тоғыз жүз он төрт миллион төрт жүз он төрт мың) теңге мөлшерінде бюджеттік қаражат көлемдері бекітілсін.
  2. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылауды Павлодар облысы әкімінің жетекшелік ететін орынбасарна жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

On approval of the list of subsidized types of fertilizers and subsidy rates, as well as the amount of budget funds for subsidizing fertilizers (except organic) for 2023
Дата публикации
16 января 2023