«Павлодар облысы бойынша 2023 жылға арналған агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кейбір мәселелері туралы» Павлодар облысы әкімдігінің қаулысының жобасына баспасөз-релизі

Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы «Павлодар облысы бойынша 2023 жылға арналған агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кейбір мәселелері туралы» Павлодар облысы әкімдігі қаулысының жобасын дайындады.

Жоба Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 11-бабы 2-тармағының 4), 7) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» № 108 бұйрығына сәйкес әзірленді.

Жобаны қабылдаудың теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе салдары жоқ.

Жоба «Ашық НҚА» порталында 2023 жылғы 09 қаңтарда орналастырылды, сондай-ақ, облыстық Қоғамдық Кеңеске ұсыным алу үшін жолданды https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14378320

«Павлодар облысы бойынша 2023 жылға арналған агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кейбір мәселелері туралы» Павлодар облысы әкімдігінің қаулысының жобасына баспасөз-релизі
Дата публикации
09 января 2023