Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 7 шілдедегі «2022 жылға арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы» № 193/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 169938 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар бекітілсін:
2022 жылға арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормалары;
2022 жылға арналған пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға 1 794 035 000 (бір миллиард жеті жүз тоқсан төрт миллион отыз бес мың) теңге қаражатының бюджет көлемдері.».
- «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылауды Павлодар облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.