
Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
- «Басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін субсидиялау» - қызмет көрсету мерзімі: 3 (үш) жұмыс күні;
- «Тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау» - қызмет көрсету мерзімі: 3 (үш) жұмыс күні;
- «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» - қызмет көрсету мерзімі: 3 (үш) жұмыс күні;
- «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» - қызмет көрсету мерзімі: 3 (үш) жұмыс күні;
- «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» - қызмет көрсету мерзімі: 2 (екі) жұмыс күні;
- «Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантиндік объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялау» - қызмет көрсету мерзімі: 3 (үш) жұмыс күні;
- «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» - қызмет көрсету мерзімі: 14 (он төрт) жұмыс күні;
- «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» - қызмет көрсету мерзімі: порталға жүгінген сәттен бастап: кепілдік беру бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімдер бойынша - 3 (үш) жұмыс күні; сақтандыру бойынша субсидиялауға арналған өтінімдер бойынша - 21 (жиырма бір) жұмыс күні;
- «Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау» - қызмет көрсету мерзімі: аттестаттаудан, қайта аттестаттаудан өту және аттестаттау туралы куәлік алу үшін 10 жұмыс күні ішінде. Аттестаттау туралы куәлікті қайта ресімдеу кезінде – өтініш тіркелген сәттен бастап 4 жұмыс күні ішінде.
- «Пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға арналған қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» - қызмет көрсету мерзімі: 1) лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру үшін, оның ішінде заңды тұлға-лицензиат қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде бөлу және бөлу нысандарында - 15 (он бес) жұмыс күні; 2) заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін - 10 (он) жұмыс күні;
- «Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» - қызмет көрсету мерзімі: лицензия және лицензияға қосымша беру үшін – 10 (он) жұмыс күні; лицензияны қайта ресімдеу үшін – 3 (үш) жұмыс күні; лицензияның телнұсқасын беру үшін-2 (екі) жұмыс күні;
- «Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» – қызмет көрсету мерзімі: 2 (екі) жұмыс күні;
- «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау» - қызмет көрсету мерзімі: 3 (үш) жұмыс күні;
- «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» - қызмет көрсету мерзімі: 10 (он) жұмыс күні;
- «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» - қызмет көрсету мерзімі: 7 (жеті) жұмыс күні;
- «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» - қызмет көрсету мерзімі: 2 (екі) жұмыс күні;
- «Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау» – қызмет көрсету мерзімі: порталға жүгінген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні;
- «Микрокредиттерге кепілдік беру жөніндегі Комиссия» - қызмет көрсету мерзімі: порталға жүгінген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні.
Барлық мемлекеттік қызметтер толықтай автоматтандырылған. Ақпараттық жүйе интернетке шығу мүмкіндігі бар кез келген компьютерден оған еркін қол жеткізумен тәулік бойы режимде жұмыс істейді.
Бұл жүйенің әзірлеушісі «Ақпараттық-есептеу орталығы» Акционерлік қоғамы болып табылады. Аталған ұйымның өкілі басқармада, осы базаға ілесіп жүреді және облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне кеңес береді. Сонымен қатар, веб-сайтта Qoldau.kz веб-порталда тіркеу бойынша бейне нұсқаулық еркін қолжетімділікте орналастырылған.
Рұқсат беру құжаттарын беруге келетін болсақ, бұл мемлекеттік қызметтер «E-license» ақпараттық жүйесі арқылы іске асырылады. Оларға мыналар жатады:
Пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға қызметті жүзеге асыруға лицензия беру;
Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру;
Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау.
Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) ақпараттық жүйеде: тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Павлодар облысының АШБ-не 8(7182) 32-32-04 нөмірі бойынша немесе kense.dsh@pavlodar.gov.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.