«Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 135/1«2022 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Павлодар облысы әкімдігінің қаулы жобасына баспасөз-релизі

Аталған қаулыны қабылдау мақсаты 2022 жылға минералдық тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту болып табылады.

Қаулы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына,  2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы «Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы  № 872 қаулысына сәйкес әзірленген.

Жоба 2022 жылғы 9 наурызда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды, 2022 жылғы 28 наурызға дейін өзекті.

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14025922  

Аталған қаулыны іске асыру үшін жергілікті бюджеттен «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау» 047 бағдарламасы бойынша 1 121 370 000 (бір миллиард жүз жиырма бір миллион үш жүз жетпіс мың) теңге сомасында қаражат бөлінді.

Дата публикации
04 августа 2022