Павлодар облысы әкімдігінің «2022 жылға арналған басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» қаулысының жобасы бойынша БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Аталған қаулыны қабылдау мақсаты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге  үшін басым дақылдарды өндіру кезінде шығындарды өтеу субсидия төлеуді көздейді.

Қаулы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 14-тармағына сәйкес, 2022 жылға арналған басым дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін келісу туралы ҚР АШМ 09.06.2022 жылғы № 3-1-5/14432 хатына сәйкес әзірленген.

Жоба 2022 жылғы 16 маусымды ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды, 2022 жылғы 30 маусымына дейін өзекті. https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14126509

Бюджеттік бағдарлама бойынша жалпы сома 1 328 160 мың. теңге құрайды.

Дата публикации
16 июня 2022