«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығының 14-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген) сәйкес, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) 2022 жылға арналған басым дақылдар тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
2) 2022 жылға арналған өсімдік шаруашылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес;
3) 2022 жылға арналған басым дақылдарға арналған субсидиялар нормалары осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
1) осы қаулының Павлодар облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Павлодар облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.