«Кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімі субсидияларының нормативін бекіту туралы» Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 137/4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Павлодар  облысының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 25 мамырдағы №137/4 «Кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімі субсидияларының нормативін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22871 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімі субсидияларының нормативі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Павлодар облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен::

осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылауын Павлодар облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі Ә. Сқақов

Дата публикации
22 апреля 2022