Осы қаулыны қабылдаудың мақсаты қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін терең қайта өңдеу өнімдерін, атап айтқанда, сары май, қатты ірімшік және құрғақ сүт өндіру үшін сатып алуға жұмсаған шығындарын өтеу.
Қаулы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен бекітілген қайта өңдеу кәсіпорындарының ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларының 11-тармағына сәйкес әзірленді. ҚР АШМ 2022 жылғы 22.04. № 6-06/3288 сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімі субсидияларының нормативін келісу туралы, кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы хатымен белгіленді.
Жоба 2022 жылғы 22 сәуірде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылды, 2022 жылғы 11 мамырға дейін өзекті болып табылады https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14082945
Бюджеттік бағдарлама бойынша жалпы сомасы 1 318 500 мың теңгені құрайды.