Аталған қаулыны қабылдау мақсаты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арамшөптерге, зиянкестерге және ауруларға қарсы өңдеу жүргізуге арналған сатып алынған пестицидтердің шығындарын өтеу үшін субсидия төлеуді көздейді.
Қаулы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 78-тармағына сәйкес, субсидияланатын пестицидтердің тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ субсидиялау көлемдерін келісу туралы ҚР АШМ 25.04.2022 жылғы № 3-5-5/28004 хатына сәйкес әзірленген.
Жоба 2022 жылғы 28 сәуірінде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды, 2022 жылғы 17 мамырына дейін өзекті. https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14082945
Бюджеттік бағдарлама бойынша жалпы сома 1 458 035 мың. теңге құрайды.