2022 жылға арналған субсидияланатын пестицидтердің тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген Өсімдік  шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 78-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209  болып  тіркелген)

Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған 2022 жылға арналған субсидияланатын пестицидтер тізбесі және пестицидтердің 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялар нормалары, сондай-ақ пестицидтерді субсидиялауға 1 458 035 000 (бір миллиард төрт жүз елу сегіз миллион отыз бес мың) теңге мөлшерінде бюджеттік қаражат көлемдері бекітілсін.
  2. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.О. Өтешовке жүктелсiн.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2022 жылға арналған субсидияланатын пестицидтердің тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы
Дата публикации
28 апреля 2022