Жоба
Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 25 наурыздағы «2021 жылға арналған агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кейбір мәселелері туралы» № 84/3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2021 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері бекітілсін.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулы осы қаулының 2, 3-қосымшаларына сәйкес 2, 3-қосымшалармен толықтырылсын.
осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Облыс әкімі Ә. Сқақов