«Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 116/3 «2021 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыш түрлерінің тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалықтарды қоспағанда) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Павлодар облысы әкімдігінің қаулы жобасына баспасөз-релизі
Аталған қаулыны қабылдау мақсаты 2021 жылға минералдық тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту болып табылады.
Қаулы Қазақстан Республикасының «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы №840 қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 мамырдағы №353 қаулысына сәйкес әзірленген.
Жоба 2021 жылғы 17 маусымда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды, 2021 жылғы 1 шілдеге дейін өзекті.
https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=6329&type=2
Аталған қаулыны іске асыру үшін әртүрлі деңгейдегі бюджеттерден «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау» 047 бағдарламасы бойынша 1 270 497 000 (бір миллиард екі жүз жетпіс миллион төрт жүз тоқсан жеті мың) теңге сомасында қаражат бөлінді.