«Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі «2021 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы» № 102/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Павлодар облысы әкімдігі қаулысының жобасына баспасөз-релизі
Осы қаулыны қабылдаудың мақсаты субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша 2021 жылға арналған тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту болып табылады.
Қаулы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 38-тармағына сәйкес әзірленді.
Жоба 2021 жылғы 10 маусымда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды, сондай-ақ облыс әкімдігінің қоғамдық кеңесіне жіберілді https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=9359386
Осы қаулыны іске асыруға «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» 002 бағдарламасы бойынша бюджеттен 1 336 785, 0 мың теңге сомасында қаражат бөлінді.