Осы қаулыны қабылдаудың мақсаты өңірдің азық-түлік және шикізат қауіпсіздігін қолдау мақсатында өсімдік ресурстары мен өсімдік текті өнімдерді карантиндік объектілердің бүлінуінен және жойылуынан қорғауды қамтамасыз ету.
Қаулы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 9-1-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасы, ҚР АШМ АӨКК мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы 14.05.2021 жылғы . № 3-6/253 ұсыныс хатына сәйкес әзірленген.
Жоба 2021 жылғы 19 мамырда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылды, 2021 жылғы 02 маусымға дейін өзекті болып табылады https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=8830409
Осы қаулыны іске асыру қаржы қаражатын талап етпейді.