«2021 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалықты тынайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы» Павлодар облысы әкімдігінің қаулы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Аталған қаулыны қабылдау мақсаты 2021 жылға өсімдік шаруашылығын егіншілік саласын дамытуды, ауылшаруашылық өнімдердің өзіндік құнын төмендету және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту болып табылады.
Қаулы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 38-тармағына сәйкес әзірленген.
Жоба 2021 жылғы 17 науырызда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды, 2021 жылғы 5 сәуірге дейін өзекті. https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=7507023
Аталған қаулыны іске асыру үшін әртүрлі деңгейдегі бюджеттерден 047 бағдарлама «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау үшін 867 232,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінді.