«Кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімі субсидияларының нормативін бекіту туралы» қаулы жобасына баспасөз-релизі

«Кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімі субсидияларының нормативін бекіту туралы» қаулы жобасына баспасөз-релизі 

Аталған қаулыны қабылдау мақсаты Кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімі субсидияларының нормативін бекітуі болып табылады.

Қаулы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы», Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен  бекітілген Өндеуші  кәсіпорындардың  ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларының 11-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы  «Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімінің тізбесін бекіту туралы» № 477 бұйрығына сәйкес әзірленген.

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=7364330 2021 жылғы 10 наурызда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.

Аталған қаулыны іске асыру үшін облыстық бюджеттен «Кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімі субсидияларының нормативін бекіту» 057 бағдарламасы бойынша – 392 239,0 мың теңге бөлінген.

Қаулы жобасы
Дата публикации
10 марта 2021