«2021 жылға арналған субсидияланатын пестицидтер тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы» қаулы жобасына

«2021 жылға арналған субсидияланатын пестицидтер тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы» қаулы жобасына пресс-релиз

 Аталған қаулыны қабылдау мақсаты 2021 жылға арналған субсидияланатын пестицидтердің тізбесін және субсидиялардың нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту болып табылады.

     Қаулы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 3 шілдедегі «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңының 9-бабы 1-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау Қағидасының 78-тармағына сәйкес сәйкес әзірленген.

Жоба 2021 жылғы 26 ақпанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды, 2021 жылғы 15 наурызға дейін өзекті. https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=7137685

Аталған қаулыны іске асыру үшін әртүрлі деңгейдегі бюджеттерден «Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантиндік объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялау» 008 бағдарламасы бойынша 1 472 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 33 млн теңге, облыстық – 1 438 млн. теңге бөлінді

«2021 жылға арналған субсидияланатын пестицидтер тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы» қаулы жобасына
Дата публикации
25 марта 2021