GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Бөлім туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
21 октября 2026
Спорттық би бойынша Pavlodar Cup 2026 республикалық турнирі

17 қазанда Павлодар қаласында спорттық би бойынша Pavlodar Cup 2026 республикалық турнирі өтті. Жарысқа Қазақстан мен Ресей қалаларынан 974 спортшы қатысты.
«Жігер» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының тәрбиеленушілері жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, үздік нәтижелерге қол жеткізді.
Бірінші орынға Шишова Евгения, Қабдулла Малика, Қабиева Ясмин және Қайыржан Айсафи ие болды. Екінші орынды Майер София иеленді. Үшінші орын Успанова Дарина мен Самираға («ДОС»бөлімі), сондай-ақ Талғатова Айлинге («Өркен» бөлімі) бұйырды.

18 октября 2026
8-11 сынып оқушылары арасында «Ақберен» республикалық байқауы облыстық кезеңі

2026 жылғы 14 қазанда 8-11 сынып оқушылары арасында «Ақберен» республикалық байқауы облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды. Шараға 9 аудан, 3 қала және 13 мамандандырылған мектептен 98 оқушы қатысты, оның ішінде Павлодар қаласының қалалық кезеңінің жүлдегерлері: № 33, 47 (3), Қ.Бекқожин атындағы мектеп оқушылары қатысты.
Байқаудың мақсаты-қазақ тілі мен ұлттық өнерді құрметтейтін, шығармашыл, ойын дәлелді әрі көркем жеткізе алатын дарынды оқушыларды анықтау, қолдау және олардың шығармашылық дамуына жағдай жасау.
Байқау қорытындысы бойынша Павлодар қаласынан 4 қатысушы жүлделі орындарға ие болды:
- I дәрежелі диплом - «Көркемсөз оқу өнері» №47 мектебінің 11-сынып оқушысы Хамитова Амина;
- II дәрежелі диплом «Ақындар мүшайрасы» №47 мектебінің 11 сынып оқушысы Мұратбек Мөлдір;
- III дәрежелі диплом «Ұлттық аспапта орындау» № 47 мектебінің 9-сынып оқушысы Аукен Әділет және «Шешендік өнер және сөз сайысы» Қ.Бекқожин атындағы мектептің 10-сынып оқушысы Нұғұманова Фатима.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар облысы білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды.
Облыстық кезеңінің жеңімпазы 2026 жылғы 8-9 қараша аралығында өтетін республикалық «Ақберен» байқауына қатысады.

14 октября 2026
«Ақындар айтысы» байқауының қалалық кезеңінде жас ақындар бақ сынады

14 қазан күні «Адал азамат» бағдарламасы аясында «Жігер» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы «Ақындар айтысы» облыстық сайысының қалалық кезеңін өткізді.
Байқауға 11 жас ақын қатысып, 10-12, 13-15 және 16-18 жас санаттары бойынша бақ сынады. Қазылар алқасының шешімімен жүлдегерлер анықталып, I орын иегерлері облыстық кезеңге жолдама алды.
I орын:
Төлеубаев Айсұлтан - М. Әуезов атындағы мектеп.
Қылышбек Мейірбек -К. Мақпалеев атындағы мектеп.
Едіге Асылбек - Б. Момышұлы атындағы мектеп.
II орын:
Абылқайырова Аружан - Қ. Б. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі.
Бауыржанова Азиза - №48 жалпы орта білім беру мектебі.
III орын:
Айтахмет Мағжан - Ж. Тәшенов атындағы мектеп.
Мұратбек Мөлдір - №47 жалпы орта білім беру мектебі.
Қатысушыларға арнайы номинациялар табысталып, жүлделі орындарға ие болмаған қатысушылар сертификаттармен марапатталды. I орын иегерлерін дайындаған жетекшілер Алғыс хаттарға ие болды.

13 октября 2026
9–11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы

13 қазан күні Ә. Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінде 9–11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі өтуде. Конкурсты «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы ұйымдастыруда.
Конкурсқа қаланың 42 мектебінен 315 жас зерттеуші қатысып, 283 ғылыми жоба ұсынды. Оның ішінде 32-сі – командалық жұмыс.
Қатысушылар өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын екі бағыт бойынша қорғауда: жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық.
Конкурс дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, олардың зерттеушілік қабілеттері мен ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған.
Конкурс нәтижелері кейінірек жарияланады.

13 октября 2026
Аралас туризмнен Қазақстан Республикасының чемпионаты және туристік көпсайыстан ҚР Кубогының финалдық кезеңі

5-11 қазан аралығында Түркістан облысындағы Машат шатқалында аралас туризмнен Қазақстан Республикасының чемпионаты және туристік көпсайыстан ҚР Кубогының финалдық кезеңі өтті.
Павлодар облысының намысын Экология және туризм орталығы мен «СЮТур» балалар-жасөспірімдер клубтарының тәрбиеленушілері қорғап, жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
ҚР чемпионатында жасөспірімдер құрамасы «Асу», «Байламдар», «Құтқару жұмыстары», «Қысқа қашықтық» және «Өткел» атты бес қашықтықтың барлығында III орын иеленді. Жалпыкомандалық есепте де құрама қола жүлдеге қол жеткізді.
ҚР Кубогының финалында Павлодар облысының командалары «Юниорлар» және «Жасөспірімдер» санаттары бойынша жылдық қорытынды есепте III орындарды иеленді.
Спортшылар ҚР Кубогының жеке есебінде де жоғары нәтижелер көрсетті:
Юниорлар:
Азиза Булатова – II орын;
Анна Вишенкова – III орын.
Жасөспірімдер:
Виктория Ерофеева – I орын;
Мария Чубенко – II орын;
Давид Бартель – III орын;
Алёна Ерофеева – III орын.
Жас спортшылбр мен олардың педагогтерін жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз! Бұл табыстар – қажырлы еңбектің, мақсатқа ұмтылудың және командалық бірліктің нәтижесі.

09 октября 2026
«Адал азамат»: Құқық бұзушылықтардың алдын алудың бірыңғай күні

8 қазанда Павлодар қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектебінде «Адал азамат» бағдарламасы мен «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында Құқық бұзушылықтардың алдын алудың бірыңғай күні өтті. Іс-шарада Павлодар облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Алма Ермекқызы Айтуарова құттықтау сөз сөйледі. Мемлекеттік органдардың өкілдері оқушылармен әкімшілік жауапкершілік, құқық бұзушылықтардың алдын алу, лудомания, вейпинг, дропперлік, кибербуллинг және оңай табыс табудың қауіп-қатерлері туралы профилактикалық әңгімелер өткізді. 

28 сентября 2026
Ұстаздыққа арналған ғұмыр

Ұстаздар күні қарсаңында Павлодар қаласының білім беру бөлімі өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беруге білімі мен тәжірибесін, жүрек жылуын арнап жүрген педагогтерге арналған «Ұстаз - ұлағатты тұлға» бейнежобасын ұсынады.

Жобаның кейіпкерлері – таңдаған мамандығын өмірінің маңызды бөлігіне айналдырған мұғалімдер, тәрбиешілер мен педагогтер.

Бейнежобамыздың алғашқы кейіпкері – Павлодар қаласының №57 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Марина Орынбайқызы

Оның еңбек жолы – балаларға деген сүйіспеншіліктің, өз ісіне адалдықтың және кішкентай бүлдіршінге қамқорлық көрсетуден басталатын күнделікті еңбектің жарқын көрінісі.

Бейнежобамыздың кейіпкерлерімен танысып, білім мен тәрбие арқылы болашаққа жол ашып жүрген жандардың тағылымды тарихына бірге үңілейік.

23 сентября 2026
«Қыз бала – қоғамның болашағы» тақырыбында тренинг

2026 жылғы 23 қыркүйекте «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығында «Заң» азаматтық-құқықтық жобасы аясында «Қыз бала – қоғамның болашағы» тақырыбында 7–8 сынып оқушылары арасында тренинг өткізілді.
Тренингке Павлодар қаласының 22 жалпы білім беретін мектептерінің 50 оқушысы қатысты. Спикер ретінде Павлодар қаласының «Өңірлік психологиялық қолдау орталығының» психолог маманы Хамитова Алмагүл Аманжоловна және Павлодар Теміржол ауруханасының жоғары санатты дәрігер акушер-гинекологы Камзина Торғын Рамазановна баяндамаларымен қатысты.
Іс – шара барысында мамандар жасөспірім қыздардың денсаулығы, жеке гигиенасы, эмоционалдық жағдайы және жеке шекаралары туралы маңызды ақпарат берді.
Тренинг мазмұнды әрі еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, жеке гигиенаны сақтау және эмоционалдық жағдайын дұрыс түсіну жөнінде пайдалы ақпарат пен қажетті кеңестер алды.

10 сентября 2026
«Менің отбасым-менің тірегім» атты спорттық-зияткерлік конкурс

«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 10 қыркүйек күні Отбасылық күніне орай «Менің отбасым-менің тірегім» атты спорттық-зияткерлік конкурс өткізілді.
Конкурсқа Павлодар қаласының №2, 6, 7, 11, 15, 16,18, 27, 29,30, 33,35, 39, 40, 43,47,48, М.Әуезов, Қ.Бекқожин, К.Мақпалеев, М.Жүсіп, А.Шамкенов, А.Байтұрсынұлы, Жетекші, М.Әлімбаев, С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беретін мектептерінің отбасылары қатысты.
Конкурс барысында қатысушылар түрлі қызықты тапсырмалар мен белгіленген 5 бекеттерден өтіп, шапшаңдық, ептілік, тапқырлық және командалық бірліктерін көрсетті.
Ойынның қорытындысы бойынша: I дәрежелі дипломмен – 1, II дәрежелі дипломмен – 5, III дәрежелі дипломмен – 6 командалар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының дипломдарымен марапатталды. Іс-шараға қатысқан командаларға номинациялар берілді.
Аталған іс-шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, отбасылық бірлікті нығайтуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлесін қосты.

10 сентября 2026
«Отбасы – өмірдің бастауы» атты суреттер көрмесі

Отбасы күнін мерекелеу аясында Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінде «Отбасы – өмірдің бастауы» атты суреттер көрмесі өтті.
Іс-шараға көркемсурет мектебінің тәрбиеленушілері, педагогтер, ата-аналар, А. Байтұрсынұлы атындағы мектептің оқушылары және қалалық Ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты.
Бағдарлама аясында шығармашылық шеберлік сағаты өткізіліп, балалардың жұмыстары ұсынылды және «Жігер» орталығы тәрбиеленушілерінің концерттік нөмірлері қойылды.
Іс-шара отбасы құндылықтарын дәріптеуге, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және балалардың шығармашылық қабілеттерін қолдауға бағытталды

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы