Нысаналы мектеп: қорытындылаймыз, болашақты жоспарлаймыз

Нысаналы мектеп: қорытындылаймыз, болашақты жоспарлаймыз

Нысаналы мектептерге әдістемелік көмек көрсету шеңберінде 2025 жылғы 8 қаңтарда Павлодар қаласының Р. Нұртазина атындағы мектеп базасында тәлімгермен бірлесіп 1 жартыжылдықтың қорытындысын шығару бойынша педагогикалық кеңес өткізілді: пәндер бойынша білім сапасының көрсеткіштері, KPI салыстырмалы динамикасы, 3 тоқсанда мектепішілік бақылау жоспарын іске асыру үшін мәселелер талқыланып, басқару шешімдері белгіленді.

Әдістемелік күннің екінші бөлігінде «Қазіргі заманғы білім беру процесінде бағалаудың орны» тақырыбында коуч-сессия өтті. Коуч-сессияның негізгі мендеті - сабақтың мақсаты мен оның нәтижелерін бағалау мазмұнының өзара байланысын түсіну.

Практикалық жұмыс барысында педагогтің формативті бағалау процесінде талап етілетін құзыреттіліктері, бағалаудың базалық қағидаттары, МЖБС сәйкес бағалау жүйесін іске асыратын негізгі тәсілдер, критериалды бағалау алгоритмдері қаралды, бағалау құралдарын іске асыру бойынша практикалық ұсынымдар берілді.