
Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2024 жылғы 11 маусымда қаланың жалпы білім беру мектептері басшыларының кезекті жоспарлы кеңесін өткізді.
Кеңесте «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудың,аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік қағидаларын орындау мониторингінің, қорытынды аттестаттауға дайындық бөлігінде», «Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бойынша мектептер жұмысының жағдайы» қорытындылары қаралды және талқыланды. ҚССЛ және патриоттық тәрбие айлығының қорытындылары, жазғы кезеңді және «Жаз - 2024» жазғы сауықтыру компаниясын өткізуге дайындық барысы және мектеп жанындағы лагерьлерді қабылдау туралы ақпарат тыңдалды.
Қаралған кеңестің қорытындысы бойынша Павлодар қаласының білім беру бөлімінің басшысы К. Т. Қыдралин мектеп құжаттамасын жүргізу, оқыту семинарларын өткізу бойынша нормативтік актілердің талаптарын сақтауды жоспарлы мектепішілік бақылауды жүзеге асыру туралы нақты тапсырмалар берді. Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие контекстінде мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасын іске асыру бойынша жоспарлы жұмысты жалғастыру, сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау мақсатында жасөспірімдер арасында профилактикалық іс-шаралар өткізу ұсынылды, «Адал ұрпақ»клубтарының қызметіне басшылықты жүзеге асыру тапсырылды.
Әскери-далалық жиындардың қорытындысы бойынша алғашқы әскери және технологиялық даярлық, дене шынықтыру оқытушыларының біліктілігін арттыру, оқу-материалдық базаны нығайту және кабинеттерді жөндеу, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарын ашу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізу ұсынылды.
Мектеп жанындағы лагерьлерді қабылдау мониторингінің қорытындысы бойынша мектеп басшыларына жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігінің сақталуына, мектеп жанындағы лагерьлердегі оқушылардың тамақтану сапасына, оқушылардың қызығушылықтары бойынша жұмыспен қамтылуына тұрақты бақылауды жүзеге асыру, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізу тапсырылды.
Аралық және қорытынды аттестаттау талаптарына сәйкес 9, 11 сынып түлектеріне мектепті бітіргені туралыаттестаттар беру, мектептерді күрделі және ағымдағы жөндеу, жазғы кезеңде оқушыларды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру бойынша ұсынымдар берілді.