
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті «Тәрбие алаңы» облыстық жобалық кеңсесімен бірлесіп «Отбасылық терапия негіздері» тақырыбында облыстық практикалық семинар өткізді. Мақсаты-ата-аналармен жұмыста әдістемелік көмек көрсету. Облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 100-ден астам педагог-психологтері қатысты.
Семинарда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Саменқызы Нұрахметова қатысушыларды «Жылдың үздік психологі» республикалық байқауының қалалық кезеңінің қорытындыларымен таныстырды. Оның қорытындысы бойынша 6 педагог-психолог байқаудың облыстық кезеңіне қатысады.
№ 26 ЖОМ психологі, педагог-зерттеуші, қалалық педагог-психологтер әдістемелік бірлестігінің басшысы, «Тәрбие алаңы» облыстық жобалық кеңсесі психологтері жұмыс тобының мүшесі Карпова Ирина Владимировна қатысушыларға нормативтік-құқықтық базаға сәйкес отбасылық тәрбие мәселелері бойынша құжаттаманы жүргізу туралы түсінік берді. № 32 негізгі мектептің педагог-психологі Бережная Анастасия Алексеевна практикалық жұмыс тәжірибесімен бөлісті, шығармашылық зертхананы ұсынды. Отбасындағы психологиялық климатты жақсартатын «Отбасылық терапия» әдістерімен таныстырдым.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға әдістемелік ұсынымдар, нормативтік-құқықтық құжаттамаға тізбе мен сілтемелер берілді. Семинар материалдары мектептерге жолданды.