Батут гимнастикасынан Қазақстан чемпионатының жүлдегерлері

Батут гимнастикасынан Қазақстан чемпионатының жүлдегерлері

Алматыда өткен батут гимнастикасынан Қазақстан чемпионатында Павлодар командасы 13 жүлделі орынға ие болды. Бірінші турда гимнасттар жеке жарысты, екінші турда синхронды секіру бойынша күштерімен бақ сынасты.

Жеке секіру бойынша жарыс қорытындысында 13 жастан 14 жасқа дейінгі жас санаттарында бірінші орынды № 36 ЖОМ 7 сынып оқушысы Александра Степанковская, үшінші орынды № 36 ЖОМ 5 сынып оқушысы Карина Балабанова, Байтұрсынұлы атындағы 8 сынып оқушысы Ульяна Бутенко, № 39 ЖОМ 8 сынып оқушысы Алина Сәрсембаева, № 41 ЖОМ 2 сынып оқушысы Руслан Измайлов иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша 11 жастан 12 жасқа дейінгі санаттағы синхронды секіруден № 36 ЖОМ 5 сынып оқушылары Карина Балабанова, София Долгополова, 13 жастан 21 жасқа дейінгі санаттағы секіруден алтын және күміс медальдерді № 27 ЖОМ 6 сынып оқушысы Милана Швец, № 9 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Милана Шабалина, С. Торайғыров атындағы 11 сынып оқушысы Виктория Коновалова жеңіп алды.