«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру

«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті «Оқуға құштар мектеп» - «Читающая школа» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде № 35 ЖОМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын енгізудің әдістемесі мен практикасы» атты қалалық конференция өткізді. Жоба 2021-2022 оқу жылынан бастап қаланың 43 жалпы білім беретін мектебінің 40 000 мыңнан астам оқушысының қатысуымен жүзеге асырылуда. Конференция жұмысына 6 секцияда 270-тен астам мектеп педагогтері қатысты: гуманитарлық сала (қазақ тілі мен әдебиет, орыс тілі мен әдебиет, ағылшын тілі,тарих), бастауыш сыныптар, жаратылыстану (химия, физика, биология, география, информатика).

Конференцияның пленарлық бөлімінде Нұрахметова Шолпан Саменқызы, Павлодар қаласы білім беру бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісінің м.а., Бектемирова Гаухар Болатқызы, № 35 ЖОМ басшысы, Сыздықова Ақмарал Жасқайратқызы, басшының орынбасары, Кәрібаева Айжан Қабдығалиқызы, кітапханашы, Оразкенова Сақыпжамал Қабдрашқызы, осы мектептің театр үйірмесінің жетекшісі сөз сөйледі.

Практикалық бөлімде қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 25 мұғалімінің жұмыс тәжірибесі ұсынылды. Жобаны іске асыру бойынша өз тәжірибелерін тіл пәндерінің пән мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері, физиктер, тарихшылар, кітапханашылар ұсынды. Тарихшылар секциясында № 15 мектептің, Ш.Шөкин атындағы гимназия-мектептерінің тарих пәнінің мұғалімі, информатика секциясында № 21 мектептің мұғалімі сөз сөйледі. Олар шеберлік сабақтарын, коучингтер өткізді, әдеби, театрландырылған қойылымдармен өнер көрсетті.

№ 15 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Кашенова Гүлназ Жанатқызы «Wordwall білім беру платформасы арқылы тарих сабақтарында мағыналық оқу әдістерін қолдану» шеберлік сабағын өткізді, № 35 мектептің химия пәнінің мұғалімі Мұнай Баянсұлу Хуриметқызы «Мәтіндер арқылы химия сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

- Мектеп кітапханалары арқылы балаларды оқумен қамтудың оң динамикасы, балалар мен ата-аналардың оқуға деген қызығушылығының артуы, оқу дағдыларын қалыптастыру бойынша сабақтар мен арнайы курстарда күнделікті 5 минуттық оқуды енгізу арқылы оқу техникасының жақсаруы байқалады, - деп атап өтті Шолпан Саменқызы Нұрахметова.

Жоба мұғалімдерге кітапхана қорын пайдалана отырып, интернет-ресурстар арқылы оқушы ортасында оқу, көркем әдебиетті насихаттауға мүмкіндік берді. Педагогикалық ұжымдар жобаны іске асырудың жаңа тәсілдерін, нысандарын енгізуде. Сонымен, оқыған кітаптарын талқылау үшін балалар арасындағы қарым-қатынастың клубтық формалары енгізіледі. Осы кезеңде әдістемелік кабинет М.Әлімбаев атындағы, А. Шамкенов атындағы, Ташенов атындағы, № 35 мектептердің жұмыс тәжірибесімен алмасу бойынша іс-шаралар өткізді.