
24–30 қараша аралығында Астана қаласында ауыл мектептері оқушыларына арналған жаратылыстану-математика бағытындағы Республикалық олимпиада өтті. Олимпиаданың қорытынды кезеңіне Павлодар қаласынан 3 оқушы қатысып, нәтижесінде қаламыздың қоржынына бір алтын және екі қола медаль салды.
І дәрежелі дипломмен және «Олимпиаданың ең жас қатысушысы» номинациясымен №38 орта мектептің 7-сынып оқушысы, 9-сынып атынан қатысқан Имран Құсанов марапатталды. Ал ІІІ дәрежелі дипломдармен Кенжекөл орта мектебінің оқушылары Егiнбай Надир мен Құдайбергенов Айжан марапатталды.