Меню

Страницы

Статья

1-сыныпқа балаларды қабылдау туралы ақпарат

1 сәуірден бастап 2025 жылғы 31 тамызға дейін 1-сыныпқа қабылдау үшін өтініштер қабылданады.

Балаларды мектепке қабылдау тәртібі 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрықпен бекітілген Типтік ережелерге сәйкес реттеледі.

1-сыныпқа білім деңгейіне қарамастан 6 жасқа толған балалар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады. Бала білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұруы тиіс. Төмендегі құжаттар қажет:

  • Өтініш
  • 3х4 см өлшеміндегі 2 дана фотосурет
  • № 065/у медициналық анықтама («Профилактикалық екпелер картасы»)
  • № 052-2/у медициналық анықтама («Баланың денсаулық паспорты»)

ҚР Оқу-ағарту министрлігі биыл мемлекеттік қызметтің бизнес-процесін жаңартты. Енді өтініштерді «электрондық үкімет» (egov.kz) веб-порталы арқылы беруге болады:

  • Мектепті автоматты түрде таңдау (Білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағы қалалардың, астананың, аудандардың білім басқармаларының бұйрығымен бекітіледі);
  • Сынып-комплект автоматты түрде қалыптастырылады;
  • Білім беру ұйымымен келісімшарт электрондық форматта жасалады (1-сыныпқа қабылдау туралы бұйрық шыққаннан кейін ата-анаға білім беру ұйымымен келісімшартты танысып, қол қою үшін SMS-хабарлама жіберіледі. Бұйрық 25 тамыздан ерте шығарылмайды).

Маңызды:
Білім беру ұйымдары артық құжаттарды сұратуға құқығы жоқ. «Баланың туу туралы куәлігін» талап етуге тыйым салынады.

 

Дата публикации
16 февраля 2023
Дата обновления
14 марта 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Сөз сөйлеу
13 апреля 2026
📚 Білім беру ұйымдарында Балалар әдебиеті онкүндігі өтуде
Ақпарат
19 марта 2024
Информация о правилах безопасности
Ақпарат
19 марта 2024
Радикализм. Экстремизм. Терроризм

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы