Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының № 58 сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қазақ тілінде оқытатын тәрбиешілерге бос лауазымына ашық конкурс жариялайды

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің

«Павлодар қаласының № 58 сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

қазақ тілінде оқытатын тәрбиешілерге бос лауазымына ашық конкурс жариялайды

1

Білім беру ұйымының атауы

Павлодар облысының білім беру басқармасы,Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының № 58 сәбилер бақшасы»

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

орналасқан жері,

пошталық мекенжайы

140008, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы,

Павлодар қаласы, Ладожская көшесі, 58

телефон нөмірлері,

8-705-145-31-95

электрондық пошта

sad58@goo.edu.kz

2

Бос немесе уақытша бос лауазымның атауы,

жүктемесі

қазақ тілінде оқытатын тәрбиешілер –  6 орын,  

1,25

негізгі функционалдық міндеттері

§  Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолданады.

§  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына, жас тобының үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, заттық дамытушылық ортаны құрады, балалар қызметіне (ойын, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек) басшылық етеді.

§  Балалармен жұмыс жасауда жеке тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады.

§  Дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім алу қажеттіліктерін ескере отырып тәрбие-білім беру жұмысын жоспарлайды.

§  Қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде білім беру қызметін жобалайды.

§  Мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды және әдетте дамып келе жатқан балаларды бірлесіп тәрбиелеу және оқыту жағдайында әлеуметтендіруді жүзеге асырады.

§  Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар әрбір балаға жеке қарауды қамтамасыз етеді.

§  Отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерттеу, жалпылау, тарату және енгізумен айналысады.

§  Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады. Балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғайды.

§  Білім беру процесінің барлық субъектілерінің, оның ішінде балалар отбасының қатысуымен ұйымда «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын енгізеді.

еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары

§  еңбек өтілі мен біліктілік санатына сәйкес төленеді;

арнайы орта білім (min): 174000 теңге

жоғары білім (min): 250000 теңге

3

Педагогтердің үлгілік біліктілік

сипаттамаларымен

бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары

§  Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша педагогикалық қайта даярлауды немесе техникалық және кәсіптік білім беруді растайтын құжат, жұмыс стажына талаптар қойылмайды;

§  және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-модератор және педагог-сарапшы үшін мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 3 жыл, педагог-шебер лауазымында кемінде 5 жыл;

§  және (немесе) біліктілігінің орта деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл.

§  Кәсіби құзыреттерді айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

§  1.  педагог (санаты жоқ):

§  «педагог» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сай болуы тиіс:

§  Үлгілік бағдарламаның мазмұны мен құрылымын білу, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесін меңгеру;

§  жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке көзқарасты жүзеге асыру;

§  перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу;

§  тәрбиеленушілердің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік және дағдыларды қамтамасыз ету;

§  ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен байланысты жүзеге асыру;

§  әдістемелік жұмысқа қатысу;

§  балалардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың дамуына диагностика жүргізу;

§  білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;

§  кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, цифрлік білім беру ресурстарын қолдану;

4

Құжаттарды қабылдау

мерзімі

 06.08-15.08.2025

5

Қажетті құжаттар тізбесі

1)    осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)     жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4)       Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6)     "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7)  психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8)     наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9)       сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10)   осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

11)    жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан

ұсыным хат.

 

 

6

Уақытша бос

лауазымының мерзімі

 -

 

 

Дата публикации
07 августа 2025