«Павлодар қаласы білім беру бөлімі» ММ (бұдан әрі – білім беру бөлімі) жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа 13 орындарға мектепке дейінгі тәрбие және оқыту үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды.
Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды:
Өтініште «мектепке дейінгі ұйымның атауы» жолында заңды тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы куәліктің БСН және бірегей нөмірін көрсету қажет;
Басшының қолы қойылған және мөрмен расталған құжаттарды қабылдауды білім беру бөлімі жүзеге асырады: Павлодар қ., Кривенко к-сі, 25, 10 үстелде 2024 жылғы 20 - 23 желтоқсан аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін).
Комиссия мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған, оның ішінде тиісті мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды 2025 жылғы 14 қаңтарға дейінгі мерзімде сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін) қарайды.
Павлодар қаласының білім беру бөлімі