2024-2025 оқу жылы
Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы қабілеттіліктің немесе дарындылықтың жоғары деңгейін көрсететін балаларға жағдай жасау және қолдау бойынша жұмыс жүргізуде. Орталықтың әдістемелік қызметі әртүрлі қалалық олимпиадаларды, ғылыми жарыстарды, зияткерлік және шығармашылық конкурстарды ұйымдастыру мен өткізуді қоса алғанда, жұмыстың әртүрлі нысандары мен әдістерін пайдалануға бағытталған.
Мәселен, 2024 - 2025 оқу жылында 18.600 оқушы 135 қалалық, облыстық және республикалық зияткерлік конкурстар мен олимпиадаларға қатысып, қала қоржынын 3756 медальмен, оның ішінде бірінші орын үшін 614 медаль, 1252-екінші орын, 1890 - үшінші орын медальдарымен толықтырды.
Он жылдан астам уақыт бойы Павлодар қаласының командасы көшбасшылық позицияны иеленді және «Үздік олимпиадалық команда» номинациясының иегері болып табылады.
Конкурстар мен олимпиадалардың 76-қалалық кезеңіне қала мектептерінің 17.927 оқушысы қатысты. Нәтижесінде 3365 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде 522 медаль бірінші орын үшін, 1135 медаль екінші, 1708 медаль үшінші орын үшін.
Зияткерлік іс-шаралардың облыстық кезеңдерінде 676 оқушы 39-шы олимпиадалар мен конкурстарға қатысты. Іс – шара қорытындысы бойынша 365 оқушы жүлдегер атанды: бірінші орынға 83 оқушы ие болса, екінші орынға 112 оқушы ие болды, үшінші орын дипломдарын 170 жүлдегер жеңіп алынды.
Зияткерлік іс-шаралардың республикалық кезеңдерінде оқушылар 20 іс – шарада бақ сынасты, оның қорытындысы бойынша 26 медальға ие болды: бірінші орын үшін 9 медаль, екінші орын үшін 5 медаль және үшінші орын үшін 12 медаль жеңіп алынды.
Қосымша зияткерлік білім берудің міндеттері орталықтың қосымша білім беру - «Алтын сын» олимпиадалық резерв мектебінің, «Жаңа көзқарас» пікірсайыс мектебінің қызметі арқылы шешіледі.
Түрлі бағыттарда өз қабілеттерін көрсеткен дарынды балаларды қолдау мақсатында 2021 жылдан бастап облыста «Тәуелсіздік ұланы» біржолғы ақшалай сыйлығы тағайындалды. Биылғы оқу жылында Павлодар қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің 90-нан астам оқушысы «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығын алуға конкурсқа қатысты, оның қорытындысы бойынша 50 АЕК немесе 172 500 теңге көлеміндегі сыйлықтың және «Тәуелсіздік ұланы» төсбелгісінің иегерлері қала мектептерінің 15 оқушысы болды.
Оқу жылының нәтижелері бойынша зияткерлік республикалық және облыстық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ынталандыру, қолдау және көтермелеу мақсатында жыл сайын дарынды балалардың Павлодар облысының әкімімен және Павлодар қаласының әкімімен кездесуі өткізіледі, онда 75 оқушының еңбегі атап өтілді.