Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мектепке дейінгі білім беру

Павлодар қаласының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіне 85 мектепке дейінгі ұйым кіреді, оның ішінде 74 мемлекеттік балабақша және жалпы білім беретін мектептер жанындағы 2 шағын орталық, сондай-ақ 13 жеке меншік мектепке дейінгі ұйым (9 балабақша, 4 шағын орталық) бар, жалпы тәрбиеленушілер саны – 15 144 бала. Жалпы білім беретін мектептер жанында 338 балаға арналған мектепалды сыныптары жұмыс істейді. Барлығы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтылған балалар саны –  15 482.

Қала бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылуы 78,2% құрайды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1% жоғары. 2 жастан 6 жасқа дейін – 92,5%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100%.

Сапалы мектепке дейінгі білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында қалада әртүрлі түрдегі және типтегі балабақшалар жұмыс істейді:

– ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы балабақшалар – 7 (№ 14, 26, 39, 49, 52, 82 және «NIMAT» жеке арнайы балабақшасы). Контингент – 414 тәрбиеленуші. №39 балабақша ақыл-ой дамуында бұзылыстары бар балалар үшін тәулік бойы жұмыс істейді;

– санаторлық сәби-балабақшалар – 2 (№ 22, 48), тубинфекцияланған және тубвиражды балаларды сауықтыру және емдеу үшін, олардың бірі тәулік бойғы режимде жұмыс істейді. Контингент – 173 бала.

– инновациялық типтегі – 12, түрлі бағыттар бойынша даму орталықтары (№ 3 – экологиялық, № 6, 42, 122 – мектепке дейінгі гимназия, № 10, 27, 29, 96 – интеллектуалдық, № 57 – көптілді, № 86 – сауықтыру, № 120 – этномәдени, № 126 – эстетикалық);

– жалпы дамыту типіндегі – 62, түрлі бағыттар бойынша.

Бүгінде мектепке дейінгі ұйымдарда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті білім беру жағдайлары жасалуда: ғимараттарда арнайы белгілер орнатылған, кіреберістерде дыбыстық маяктар бар, баспалдақтардың бірінші және соңғы басқыштары қарама-қарсы түске боялған, 18 балабақша пандустармен жабдықталған.

ПМПК деректері бойынша қалада аталған санаттағы 1212 бала бар, олардың 414-і арнайы балабақшаларды барады, 400-ден астамы инклюзивті біліммен қамтылған. Сонымен қатар, 68 логопункте сөйлеу қабілетінде бұзылуы бар 1240 бала түзету көмегін алуда.

Жалпы дамыту типіндегі мектепке дейінгі ұйымдардың штатында 71 логопед, 54 психолог бар. «Инклюзивті білім беру» тақырыбы бойынша курстық дайындықтан 79 балабақшаның 56 педагогы өтті.

Әрбір балаға жеке бейімделген бағдарлама жасалады, ол іске асыру барысында балалардың даму динамикасына және әдістердің тиімділігіне қарай түзетіледі.

89 мектепке дейінгі ұйымның ішінде қазақ тілінде оқытатын – 27 (контингенті 4986 бала), аралас – 56 (9691 бала), орыс тілінде оқытатын –       6 жеке ұйым. Балабақшаларда қазақ тілінде тәрбиеленіп отырған қазақ ұлтынан шыққан балалардың үлесі – 7772 тәрбиеленуші (мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балалардың 71,9%).

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Дүйсенова Т.Б.-ның 2025 жылғы 28 наурыздағы №773 СК//25 тапсырмасын орындау аясында Павлодар қаласында ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап мектепке дейінгі білім беру жүйесінде ваучерлік қаржыландыруды енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылуда.

Бекітілген кестеге сәйкес Павлодар қаласының 83 мектепке дейінгі ұйымы (73 мемлекеттік, 10 жеке меншік) ваучерлік қаржыландыруға өтті. Өткізуден кейін мектепке дейінгі ұйымдарға баратын 16,5 мыңнан астам бала автоматты түрде ваучер иегеріне айналды. Бүгінгі таңда пилоттық жобаға 83 ұйым кіреді (74 мемлекеттік, 9 жеке). «Достық» шағын ауданында 79 орындық №58 балабақша ашылды.

Ваучерлер күн сайын сағат 18:00-де беріледі. Ваучерлік қаржыландыру кезеңінде 13 мыңнан астам ваучер берілді, оның ішінде жалпы дамыту балабақшаларына – 12,5 мыңнан астамы, арнайы балабақшаларға – 249, санаторлық балабақшаларға – 152 ваучер.

Анықтама ретінде: берілген 13,5 мың ваучердің ішінен 3684 бала сәтті қабылданды.

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Павлодар қаласында 1,5 жастан асқан балалар үшін балабақшаларға ваучер беру басталды. Кезекте тұрған 1285 баланың ішінде 529 ваучер берілді (348 бала балабақшаларға қабылданды, 21 бала балабақша таңдап, қабылдау кезеңінде тұр). Бүгінгі таңда 11 мектепке дейінгі ұйымдарда 1,5 жастағы балалар үшін 83 бос орын бар.

Ваучерлік қаржыландыру енгізілгеннен кейін өзектілігін жоғалтқан ата-аналардың өтініштері (басқа қалаға көшуіне немесе балабақша орнының қажеттілігінің болмауына байланысты) кезектен алынып тасталды. Бұл кезектің ашықтығын және дұрыстығын айтарлықтай арттыруға, сондай-ақ шынымен балабақшаға мұқтаж балаларға ресурстарды бағыттай отырып, орындарды тиімді бөлуге мүмкіндік берді. Ваучерлер кезекті қысқартумен қатар, оны нақты тазартуға мүмкіндік берді. Бүгінгі күні бар 21 категорияның ішінде тек 2 категория бойынша ғана балалар қалды (1,5 жас, 1,5 жасқа дейінгі балалар).

Қазіргі уақытта 0-ден 3 жасқа дейінгі 1608 бала кезекте тұр, оның ішінде 1,5 жасқа дейін – 1601, 1,5–3 жас – 7 бала. Жүйеде шамамен 780 бос орын бар, оның ішінде 23 – жеке меншік ұйымдарда.

Сапалы мектепке дейінгі білім алуға тең бастапқы мүмкіндіктер жасау мақсатында мектепке дейінгі ұйымға бару кезеңінде мемлекет жергілікті бюджет есебінен тамақтану шығындарын 100 пайыз көлемінде өтейді:

  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе қамқорлығынсыз қалған ҚР азаматтарына;
  • I немесе II топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бала кезінен мүгедектігі бар тұлғаларға, мүгедектігі бар балаларға;
  • атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар көпбалалы отбасылардың балаларына, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балаларына.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың 1296 тәрбиеленушісіне ата-аналар төлемінің (күнделікті тамақ рационы құнының 100%) компенсациясы төленеді.

Павлодар қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары дабыл жүйесімен, дабыл түймелерімен, бейнебақылау жүйелерімен (ЦОУ-ға бейнежазбаны жіберумен), күзет агенттіктерімен шарттармен және домофондармен жабдықталған.

Мектепке дейінгі ұйымдарда барлығы 1860 педагог жұмыс істейді, олардың ішінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура) – 34 (1,8%), жоғары педагогикалық білім – 1352 (72,7%), орта арнаулы білім – 474 (25,5%). «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары білімі бар педагогтар саны – 727. Жоғары біліктілік санаты бар – 8 педагог, бірінші – 10, екінші – 10, санатсыз – 561. Жаңа санаттар бойынша: педагог-модератор – 988, педагог-эксперт – 188, педагог-зерттеуші – 95 педагог.                     

Документы
Қаулы
04 марта 2026
"Павлодар облысында 2026 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулы
Қаулы
27 января 2026
Павлодар облысының мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына 2026 жылға арналған тамақтандыру шығыстарын өтеу туралы
Басқа
02 декабря 2025
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМҒА ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ВАУЧЕР АЛУ ТӘРТІБІ
Новости
Полезные материалы
Мектепке дейінгі білім беру
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы