Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жалпы орта білім беру

            Павлодар қаласында 48 жалпы білім беретін мектеп бар (45-мемлекеттік, 3- жекеменшік).

         45 мемлекеттік жалпы білім беретін мектептің 43-күндізгі, 2-түзеу мекемелері жанындағы жалпы орта білім беретін мектеп (№44 ЖОМ, №45 ЖОМ).

         Сондай-ақ оқу-өндірістік комбинаты (ОӨК), 3 жекеменшік мектеп («ДеТвоРа» білім беру кешені» ЖШС, «Академия  Успеха» ЖШС, «Лингва» ЖШС) жұмыс істейді.

          43 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің ішінде:

  • оқыту тілі бойынша: 10 мектеп – қазақ тілінде, 33 – аралас оқыту тілінде;
  • тиістілік аумағы бойынша: 39 – қалалық мектеп, 4 – ауылдық мектеп (№38 Мойылды ауылы, № 40 Павлодар ауылы, Жетекші ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ);
  • білім деңгейі бойынша: 42 – орта, оның ішінде бір шағын жинақты (Атамекен кенті № 31 ЖОМ), 1 – негізгі мектеп (Атамекен кенті № 32 НОМ).

2024-2025 оқу жылында оқушылар контингенті 50 826, оның ішінде жеке меншік мектептерде 538 баланы құрады.

КАДРЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

         2024-2025 оқу жылының басында  қала мектептерінде педагогтердің жалпы саны 3789 адамды құрады.

Білімі бойынша  жалпы педагогтердің санынан жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар (магистратура) – 452 (12%), жоғары педагогикалық білімі бар – 3126 (83%), орта-арнайы – 211 (5%), педагогтер.

         Павлодар қаласы мектептерінің 3789 педагогінің жаңа формат бойынша біліктілік санаты бар 2797 (73,8%) педагог, оның ішінде «педагог-модератор» - 895 (23,6%), «педагог-сарапшы» - 697 (18,4%), «педагог-зерттеуші» - 1186 (31,3%), «педагог- шебер» - 19 (0,5%).  86 педагогтің (2,3%) жоғары, бірінші және екінші санаттары бар.      

Білім беру ұйымдары педагогтердің бос немесе уақытша бос лауазымдарына конкурстық негізде қабылдайды.

  Педагогтердің бос және (немесе) уақытша бос орындары ашылған жағдайда білім беру ұйымдары конкурс өткізеді.

  Білім беру ұйымдары конкурсты өткізу туралы хабарландыруды Павлодар қаласының білім беру бөлімінің web-сайтында (https://goo.edu.kz), «Педагогті жұмысқа қабылдау» платформасында (https://hr-nobd.edu.kz) «Ұлттық білім беру деректер базасы» АЖ-да орналастырады.

ОҚУЛЫҚТАРМЕН ЖӘНЕ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНДЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

         2024-2025 оқу жылына 378,1 млн теңге сомасына 136 113 дана оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар сатып алынды.

         Үлгілік оқу бағдарламаларының өзгеруіне байланысты 3-сыныпқа арналған оқулықтар жаңартылды.

         Сондай-ақ мектептер үшін көркем әдебиет сатып алынды  (521 дана, 3 млн.теңге).

ТАМАҚТАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

            Қаланың барлық мектептерінде асханалар бар. Мектептер технологиялық жабдықтармен, ас үй керек-жарақтарымен, ыдыс-аяқпен 100% қамтамасыз етілген, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылары бар. Ас блогының 282 қызметкерінің медициналық тексеруден өткен санитариялық кітапшалары бар.

            Павлодар қаласының 43 жалпы орта  білім беретін мектептерінде 50 298 оқушы, оның ішінде әлеуметтік осал отбасыларының 3172 оқушысы тегін, 1-4 сыныптардың 20 006 оқушысы ыстық тамақпен қамтылды.

         Тамақтануды 19 азық-түлік жеткізушілері ұйымдастырады.

         Жалпы білім беру қорының жалпы сомасы 554,84 млн теңгені құрайды (жазғы мектеп жанындағы лагерь, тамақтану – 392,78 млн теңге, киім және аяқ киім, мектеп керек-жарақтары – 162,06 млн теңге).

ТАСЫМАЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

         2024-2025 оқу жылында  Павлодар қаласының жеті: №30, 31, 32, 33, 40, Жетекші, Кенжекөл мектептеріне 8 елді мекеннен (Радиозавод шағын ауданы, Жаңауыл ауылы, Атамекен кенті, Павлодар ауылы, Жетекші ауылы, Байдала ауылы, Долгое ауылы, Авиагородок) тасымал ұйымдастырылды. Тасымалмен 1015 оқушы қамтылды.

         Тасымал 10 автокөлік құралы арқылы жүзеге асырылды.

         Автобус салондарында жүру бағытын көре отырып, бейнебақылау камералары орнатылған. Көлік құралдары алғашқы медициналық көмек қобдишаларымен, өрт сөндіргіштермен жабдықталған. Техникалық тексеру, сақтандыру құжаттары бар.

         Мектептерде 20 дана байланыс құралдары (рациялар) сатып алды.

 

Документы
Бұйрық
26 марта 2026
«Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернатколледждерін және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы бұйрық
Бұйрық
01 октября 2025
2025 жылға арналған орта білім беру ұйымдарының білім алушыларына арналған маусымдық екі апталық перспективалық мәзірді бекіту туралы"бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы
Бұйрық
01 октября 2025
2025-2026 оқу жылына арналған жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен тамақтандыру жүзеге асырылатын мектептердегі перспективалық төрт апталық маусымдық мәзірді бекіту туралы"
Новости
Полезные материалы
Жалпы орта білім беру
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы