
13–14 қазан күндері «Әділет» партиясы мен «Жастар Рухы» жастар қанатының қолдауымен «Таза Qazaqstan» Road эстафетасы Павлодар облысында жалғасын тапты.
Баянауыл ауданында жастар Кемпіртас шатқалында «Вандализмге жол жоқ!» акциясын өткізіп, табиғатты аялауға және туған өлкенің бірегей мұрасын сақтауға шақырды.
«Таза Qazaqstan» – таза болашаққа қосқан ортақ үлесіміз! Бұл бастама қоршаған ортаны қорғауға, жастардың белсенділігін арттыруға және туған жерге деген жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған.
Таза Қазақстан – жарқын болашақтың кепілі!
2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Сайлаушылар тізімін жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу негізінде жасайтынын назарларыңызға жеткіземіз. Тұрақты тіркеуі жоқ немесе дауыс беру күні тіркелген орнында болмайтын азаматтарға дауыс беретін күнге дейін 30 күннен кешіктірмей ауылдық округ әкімдігіне өтініш беру қажет.
Аталған құқықты:
Тізімдегі деректерді +7 (71840) 9-15-38 нөмірі бойынша Баянауыл ауданы әкімдігінің Call-орталығы арқылы немесе өз деректеріңізді +7 747 264 4070 WhatsApp нөміріне жіберу арқылы тексеруге болады.
Call-орталықтың жұмыс кестесі:
Дүйсенбі – жұма: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс: 13.00 – 14.30);
Сенбі, жексенбі: сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін.
Барша Баянауыл ауданының тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным білдіруге және Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарының сайлауына қатысуға шақырамыз!
Еңбек күні — қоғамның өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген барша еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсететін айтулы мереке.
Осы айтулы күнге орай, аудан орталығында салтанатты жиын өтті. Аудан әкімі А. Ксентаев көп жылғы адал еңбегі үшін Баянауыл ауылдық округі әкімі аппаратының кіші қызметкері Сәндігүл Пазылованы «Баянауыл ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады.
Сонымен қатар, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, ел игілігі жолындағы өнімді де жемісті қызметіне үлес қосқан біршама азаматтарды Құрмет грамотасы және Алғыс хаттабысталды.
“Сіздердің күнделікті тынымсыз еңбектеріңіз — ауданымыздың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ең маңызды тірек. Таңнан кеш батқанша өз ісіне адалдық танытып, туған жердің дамуына тың серпін беріп жүрген әрбір маманның қызметі жоғары бағаға лайық”, - деді аудан басшысы.
Салтанатты іс-шара “Сарыарқа сыры” визит-орталығында өтіп, аудан әкімі еңбек адамдарын орталықпен таныстырды. Әсерлі жиын ән шашумен жалғасын тапты.
Тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету — біздің басты міндеттеріміздің бірі. Осы бағытта облыс әкімі А. Байхановтың қолдауымен ауданымызда электр желілерін құру мен жаңартуға арналған 2 ірі жоба іске асырылуда. Оның бірі Ақсаң ауылдық округі болса, екіншісі Баянауыл ауылында. Жалпы 55 шақырым желі толығымен ауыстырылады. Мердігер ұйым: «Ramboll Corp» ЖШС.
Аудан әкімі А. Ксентаев Ақсаң, Жалғызқайың және Қаражар ауылдарындағы электр желілерін модернизациялау және құрылыс жұмыстарының барысын арнайы барып, бақылап қайтты.
Осы уақытқа дейін Ақсан ауылдық округінде жеке қосалқы станция болмағандықтан, электр энергиясы Баянауылдан 52 шақырымдық желі арқылы жеткізіліп келді. Соның салдарынан желілердің тозығы жетіп, халық жылдар бойы кернеудің төмендігі мен жарықтың жиі өшуінен зардап шегіп келгені жасырын емес. Бұл түйткілді мәселе осы жылы түбегейлі шешімін таппақ.
Жоба аясында Қаражар ауылында — 5 КТП, Ақсанда — 5 КТП, Жалғызқайыңда — 3 КТП және Маяжон фермасында — 1 КТП, барлығы 14 жаңа КТП орнатылады.
Нысандағы құрылыс жұмыстары жүйелі жүріп жатыр. Қазіргі уақытта жер жұмыстары аяқталып, тұғырлар (тумбалар) орнатылуда, келесі кезеңде бағандар (опоралар) бой көтереді. Ең бастысы — жобаға қажетті барлық құрылыс материалдары нысанға толық жеткізілуде.
Ал, Баянауыл ауылында 26 КТП орнатылып, 220 метр желі жаңарады.
Аталған 2 жобаны жыл соңына дейін аяқтау мердігерге міндеттелді.
Жаңатілек ауылында бүлдіршіндеріміздің бос уақытын тиімді, қауіпсіз әрі қызықты өткізуіне арналған заманауи үлгідегі балалар ойын алаңы пайдалануға берілді.
Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Қинаятолла Талипов пен ауыл ақсақалы Дәулетбек Бағындықұлы Сүлейменов бүлдіршіндерге ақ жол тілеп, жүрекжарды құттықтауларын арнады.
Әжелер балалардың қуанышы үшін шашу шашып, кішкентай өнерпаздар мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Балалық шақ — ең қамсыз, ең бақытты шақ. Осы заманауи ойын алаңы Жаңатілек ауылының кішкентай тұрғындарының бал-бұл жанған жүздеріне, сыңғырлаған шат күлкісіне тола берсін!
Баянауыл ауданында «Отбасы банк» өкілдері тұрғындармен кездесу өткізіп, баспаналы болу мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жиын барысында аудан тұрғындарына тұрғын үй саясатындағы негізгі өзгерістер мен мемлекеттік қолдау шаралары жан-жақты баяндалды.
Кездесуде талқыланған басты мәселелер:
Кездесу соңында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, банк мамандарынан жеке консультациялық кеңестер алды. Мұндай ақпараттық-түсіндіру жиындары аудан тұрғындарының баспана жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Қосымша ақпаратты https://hcsbk.kz сайтынан көре аласыздар!
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы зейнетақы активтерін басқаруға рұқсат етілген инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) тізілімінен басқарушы компанияны таңдауы және өтініш беруі қажет. (Толық ақпарат БЖЗҚ сайтындағы «Қызметтер – Сенімгерлік басқаруға аудару – Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінде орналастырылған.)
Өтінішті:
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ға беру, бір ИПБ-дан екіншісіне ауыстыру немесе жинақтарды ИПБ-дан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) басқаруына қайтару бойынша қадамдық нұсқаулық мына сілтеме бойынша орналастырылған: https://www.enpf.kz/kz/services/Invest/22218/.
Өтініштің орындалу мәртебесін БЖЗҚ сайтындағы немесе мобильді қосымшасындағы жеке кабинеттен («Өтініштер» бөлімі) қадағалауға болады. Өтініштерді қабылдау және өңдеу үдерісі толық автоматтандырылған. Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру өтініш келіп түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде БЖЗҚ арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне ауыстыруға немесе оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруына қайтаруға жинақтар инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына берілген күннен бастап кемінде бір жыл өткеннен кейін ғана рұқсат беріледі.
Салымшыларға қолайлы болу үшін БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға қатысты негізгі ақпаратты біріктіретін invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Платформа табыстылық туралы ақпаратқа ыңғайлы әрі құрылымдалған қолжетімділікті қамтамасыз етеді, белгіленген кезеңдер бойынша әртүрлі басқарушылардың (ҚР Ұлттық Банкі мен ИПБ-лардың) басқаруындағы инвестициялық портфельдердің көрсеткіштерін динамикада салыстыруға мүмкіндік береді.
Салымшы инвестициялық портфельдерді бағалап, өзінің мүддесі мен инвестициялық мақсаттарына сәйкес басқарушыны және оның инвестициялық стратегияларын дербес таңдай алады.