Лого

Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ салымшыларының жыл басынан бергі таза инвестициялық кірісі 694 миллиард теңгеден асты  

Газеттердің редакциларына, www.enpf.kz сайтына, әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ парақшаларына, Қордың байланыс орталығына зейнетақы жинақтары мен жалпы зейнетақы жүйесі туралы көбірек білгісі келетіндерден сауалдар келіп түседі. Олардың ішіндегі ең көп қойылатын сауалдарға жауапты «БЖЗҚ сұрақтарға жауап береді» айдарынан оқи аласыздар.

 

БЖЗҚ салымшыларының жыл басынан бергі таза инвестициялық кірісі 694 миллиард теңгеден асты    

2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары 13,97 триллион теңге болды. Бұл қаражаттың зейнетақы жарналары мен инвестициялық кірісті қамтитыны белгілі.

Зейнетақы жинақтарындағы инвестициялық табыстың үлесі жыл сайын өсіп келеді. Жалпы, 2014 жылдан бері Ұлттық банк қамтамасыз еткен таза инвестициялық табыс (БЖЗҚ-да барлық зейнетақы активтерін біріктіру үрдісінің аяқталуы) 6,7 трлн теңгеге жетті. Зейнетақы жинақтарында жинақталған таза инвестициялық кірістің үлесі жүзеге асырылған төлемдерді ескергенде 36,9% құрады.  

2022 жыл геосаяси жағдайдың нашарлауы аясында қаржы нарықтарындағы жалпы тұрақсыздықпен сипатталды. Кезең басынан бастап инфляцияның өсуі және қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалауға байланысты оң да, теріс те көрсеткіштерді көрсететін зейнетақы активтері кірістілігінің құбылмалылығы байқалады.

Дегенмен, құралдар, салалар және валюталар бойынша портфельді әртараптандыру есебінен шілдеде өткен айлардың уақытша төмендеуін жапқан оң инвестициялық табыс алынды. Сегіз айдың қорытындысы бойынша салымшылар мен алушылардың шоттарына 694,7 млрд теңгеден астам инвестициялық кіріс түсті. Зейнетақы активтері бойынша ҚР Ұлттық Банкімен қамтамасыз етілген соңғы 12 айдағы кіріс (2021 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың тамызына дейін) 8,58% құрады.

Айта кету керек, зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық табыстың мөлшерін кемінде 1 (бір) жыл кезеңінде талдау орынды. Қысқа мерзімді деректер (апта сайынғы, ай сайынғы және т.б.) – айқын нәтиже көрсетпейді, өйткені, ол нарықтың үнемі құбылмалылығына тәуелді.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған күннен бастап (1998 жыл) 2022 жылдың 1 қыркүйегіне инвестициялық кірістілік барлық кезеңдегі инфляция 632,79% болғанда өсу қорытындысымен 721,56%  құрады. 

Инвестициялық басқарудың және зейнетақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі ашық болып табылады: әрбір салымшы өзінің инвестициялық табысын enpf.kz сайты немесе мобильді қосымшадағы Жеке кабинеттен көре алады.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.

Дата публикации
06 октября 2022
Дата обновления
06 октября 2022
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы