
2022 жылғы 27 қыркүйекте өткен Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысында "Баянауыл ауданының Қаратомар ауылдық округінің әкімдігіне 2022 жылғы 9 қазанға тағайындалған кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы" қаулы қабылданған.
Отырыста комиссия төрағасы Т.Қалышбеков сөз сөйлеп, 2022 жылғы 27 қыркүйек сағат 18-00 – дегі жағдай бойынша ұсынылған 4 кандидаттың 3 - і тіркелгенін, оның ішінде: Amanat партиясынан – 1, НПК-дан - 0, өзін - өзі ұсынғандар - 2 адам тіркелгенін хабарлады.
Оның ішінде 0 - әйелдер, 3 - ерлер. Үміткерлердің орташа жасы 31,3 жасты құрайды. Ең үлкен үміткер-34 жаста, ең жасы – 28 жаста.
Мамандықтар бойынша кандидаттар: мұғалім - 1, қаржыгер – 0, ақпараттық жүйе – 1, мемлекеттік және жергілікті басқару - 1.
Кандидаттар арасында: 0 – бюджеттік мекеме қызметкері, 4 - мемлекеттік қызметшілер, 1 - басқалары.
27 қыркүйек күні сағат 18 - 00-ден бастап Баянауыл ауданы Қаратомар ауылдық округінің әкімдігіне тіркелген барлық кандидаттар 2022 жылғы 8 қазан күні сағат 00:00 - ге дейін сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.
Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы