
2022 жылдың 23 қыркүйек күні сағат 18:00-де ұсыну кезеңі аяқталды. Ауылдық округ бойынша барлығы 1 сайлау округінде 4 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1 (25%) - саяси партиялармен, 3 (75%) - өзін-өзі ұсыну тәртібі арқылы.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде, кандидаттарды тіркеу 2022 жылдың 28 қыркүйегінде сағат 18:00-де аяқталады.
2022 жылғы 23 қыркүйегіндегі жағдай бойынша округте кемінде екі адам ұсынылды.
Кандидаттар шығып қалған және балама болмаған жағдайда (сайлау округінде екіден кем кандидат), заңнамаға сәйкес ұсыну кезеңі бес күннен аспайтын мерзімге ұзартылатын болады.
Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 0 кандидат тіркелді (0%).
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланатын болады.