Лого

Меню

Страницы

Статья

Енді БЖЗҚ-да шот ашу үшін өтініш жазудың қажеті жоқ екенін жаңалықтардан естіп қалдым. Салымшының қатысуынсыз шот ашылса, азамат туралы ақпаратты қалай аласыз?

Газеттердің редакциларына, www.enpf.kz сайтына, әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ парақшаларына, Қордың байланыс орталығына зейнетақы жинақтары мен жалпы зейнетақы жүйесі туралы көбірек білгісі келетіндерден сауалдар келіп түседі. Олардың ішіндегі ең көп қойылатын сауалдарға жауапты «БЖЗҚ сұрақтарға жауап береді» айдарынан оқи аласыздар.

Сәлеметсіз бе! Енді БЖЗҚ-да шот ашу үшін өтініш жазудың қажеті жоқ екенін жаңалықтардан естіп қалдым. Салымшының қатысуынсыз шот ашылса, азамат туралы ақпаратты қалай аласыз?

Иә, расында да ЖЗҚ-дағы барлық жеке зейнетақы шоттар автоматты түрде ашылады.

Зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шоттарын (ЖЗШ) ашу тәртібінің қай уақыттан күшіне енгенін естеріңізге салып өтейік: 

- міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) – 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап;

- ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ)  –  2021 жылдың 1 мамырынан бастап;

– міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ)  –  2021 жылдың 26 қазанынан бастап.

Шотына зейнетақы жарнасы аударылған жеке тұлғаны сәйкестендіру төлем тапсырмасында көрсетілген оның дербес деректері (ТАӘ, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте БЖЗҚ тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұратын жері және басқа да барлық қажетті мәліметтерді Мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.

 

Дата публикации
18 июля 2022
Дата обновления
18 июля 2022
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы