Лого

Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу -  басты міндетіміз.

Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамдағы дерттің бірі болып тұр. Қазіргі уақытта мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы мәдениет деңгейін жоғарылату, адамдар арасында жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз – бұл адамның саналы түрде және адамгершілік қасиетімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, пара сұрамау, пара бермеу және мемлекет мүлкіне қол сұқпау.

Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп.  Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі  мен жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асырушы органдар деп барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Осы талаптарды білсе де кейбір мемлекеттік қызметкерлер жемқорлыққа жол береді. Мүмкін, заңды білмегеннен,  әлде бір жолға ештеңе болмас деп, қаншама адамдар өзінің көп жыл атқарған жұмыстарын, көп жыл бойы жинаған тәжірибелерін жоққа шығарып жатады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясы ММ-нің қызметкерлерімен  сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу жөнінде 9 рет жиналыс өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Азаматтардың сыбайлас жемқорлық әрекеттердің туындауының алдын алу және заң бұзушылық іс-әрекеттерді анықтау үшін Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясы ғимаратында орналасқан 9-10-15 «сенім телефоны»  хабарлауына болады. Мемлекеттік қызметті алушылар үшін қолжетімді жерлерде «ескертулер, ұсыныстар мен пікірлер үшін» арнайы жәшіктер орнатылған.

 

«ҚР АШМ АӨК МИК

Баянауыл аудандық  аумақтық  инспекциясы» ММ

Дата публикации
20 июня 2022
Дата обновления
20 июня 2022
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы