Лого

Меню

Страницы

Статья

Қазір аннуитетті пайдаланудың мәні бар ма, болған жағдайда ол үшін қандай мүмкіндіктер бар?

Газеттердің редакциларына, www.enpf.kz сайтына, әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ парақшаларына, Қордың байланыс орталығына зейнетақы жинақтары мен жалпы зейнетақы жүйесі туралы көбірек білгісі келетіндерден сауалдар келіп түседі. Олардың ішіндегі ең көп қойылатын сауалдарға жауапты «БЖЗҚ сұрақтарға жауап береді» айдарынан оқи аласыздар.

Қазір аннуитетті пайдаланудың мәні бар ма, болған жағдайда ол үшін қандай мүмкіндіктер бар?

Зейнетақы аннуитеті – бұл сақтандыру ұйымымен жасалған шарт, оған сәйкес зейнетақыны белгіленген мерзімнен ерте алуға болады.

Шарт жасасу үшін БЖЗҚ-да ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан кем түспейтін төлемді қамтамасыз ететін зейнетақы жинақтарының жеткілікті сомасы болуы қажет. Дәл есептеу сақтандыру ұйымында жүргізіледі.

БЖЗҚ-да жеткілікті мөлшерде зейнетақы жинақтары бар келесі санаттағы азаматтар ақшаны сақтандыру ұйымына аудара алады:

🔹 зейнет жасына жеткен;

🔹 45 жасқа толған (кейінге қалдырылған аннуитет кезінде);

🔹 мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар;

🔹 міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) жиынтығында кемінде күнтізбелік 60 ай төлеген 40 жасқа толған азаматтар.

Бұл жерде түсіндіріп өтетін мәселе, кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті дегеніміз – зейнетақы жинақтарын өмірді сақтандыру компаниясына 45 жастан бастап аударуға және олардан ресми түрде зейнетке шыққанға дейін (ерлер 55 жасқа толғанда, әйелдер 52,5 жасқа толғанда, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнетақы жасы жыл сайын жарты жылға ұлғайып, 2027 жылы 55 жасқа толғанға дейін) төлемдер ала бастауға мүмкіндік беретін өнім.

Бұдан әрі МЗЖ және/немесе МКЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары пайдаланылуы мүмкін.

Егер ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы аннуитеті шартының сомасынан асатын болса, бұл айырма салымшыға (алушыға) зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда белгіленген тәртіппен БЖЗҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемдері түрінде төленеді. Немесе салымшы (алушы) қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына сақтандыру төлемдерінің және зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйақысының мөлшерін ұлғайтуға қатысты өзгерістер енгізу үшін, не сақтандыру ұйымымен басқа зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін пайдаланады.

 

 Баянауыл елді мекеніндегі қызмет

көрсету орталығының жүргізуші маман Турсунбаева Г.Т.

тел: 87184091769

 

Дата публикации
21 апреля 2022
Дата обновления
21 апреля 2022
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы