
2022 жылғы 5 сәуірде Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, «2022 жылғы 17 сәуірге тағайындалған Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылдық округінің әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы» қаулы қабылданды.
Отырыста комиссия төрағасы Т.Қалышбеков сөз сөйлеп, 2022 жылғы5сәуірдегі сағат 18-00 - дегі жағдай бойынша ұсынылған 4 кандидаттың өзін-өзі ұсынғандар-3, партиядан- жоқ, тіркелгендігін хабарлады.
Оның ішінде әйелдер - жоқ, ерлер - 3. Үміткерлердің орташа жасы 30,3 жасты құрайды. Ең үлкен үміткер-32 жаста, ең жасы – 28 жаста.
Кандидаттар: заңгер - 1 мемлекеттік және жергілікті басқару - 1, құрылысшы-1.
Кандидаттар арасында: мемлекеттік қызметшілер - 3, 2 –ауылдық округ әкімшілігін бас мамандары, 1 – «Баянауыл ауданы әкімінің аппараты» ММ, ұйымдастыру бөлімінің басшысы.
5 сәуір күні сағат 18-00-ден бастап Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылдық округі әкіміне тіркелген барлық кандидаттар 2022 жылғы 16 сәуір күні сағат 00:00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.