
2022 жылдың 27 наурызында әкімдікке кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарын өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынды:
- Совет Қаныш Ерікұлы.
Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігі анықталуда.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес әкімдікке кандидаттар ұсыну 2022 жылғы 2 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.