Лого

Меню

Страницы

Статья

Сәлеметсіз бе! Күйеуіммен ажырасып кеткенмін, алайда бұрынғы жұбайымның туыстары зейнетақы жинақтарымның сомасын білгісі келеді, әрі сол жинақтарымды алуға мені күштеп көндірмекші. Айтыңызшы, БЖЗҚ-дан менің жинақтарым туралы үзінді көшірмені менен өзге біреулер ала ала ма?

Газеттердің редакциларына, www.enpf.kz сайтына, әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ парақшаларына, Қордың байланыс орталығына зейнетақы жинақтары мен жалпы зейнетақы жүйесі туралы көбірек білгісі келетіндерден сауалдар келіп түседі. Олардың ішіндегі ең көп қойылатын сауалдарға жауапты «БЖЗҚ сұрақтарға жауап береді» айдарынан оқи аласыздар.

Сәлеметсіз бе! Күйеуіммен ажырасып кеткенмін, алайда бұрынғы жұбайымның туыстары зейнетақы жинақтарымның сомасын білгісі келеді, әрі сол жинақтарымды алуға мені күштеп көндірмекші. Айтыңызшы, БЖЗҚ-дан менің жинақтарым туралы үзінді көшірмені менен өзге біреулер ала ала ма?

Алаңдамаңыз. ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 57-бабына сәйкес, БЖЗҚ кепілдік беретін зейнетақы жинақтарының құпиясы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы қаржының қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтерді қамтиди және  зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын салымшыға, алушыға, салымшының (алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес рәсімделген жазбаша келісімі негізінде кез келген үшінші тұлғаға ашылуы мүмкін.

Осылайша, БЖЗҚ ЖЗШ-дан үзінді көшірмені сізге немесе нотариалды түрде куәландырған сенімхат арқылы сенім білдірілген тұлғаға ғана бере алады.

Дата публикации
28 марта 2022
Дата обновления
28 марта 2022
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы