Лого

Меню

Страницы

Статья

Қайырлы күн! Қазір бүкіл әлемде жағдай шиеленісіп тұр, доллар мен еуро бағамдары күн сайын артып келеді, сол үшін де БЖЗҚ салымшылары ретінде зейнетақы жинақтарының жай-күйіне қатысты алаңдап отырмыз. Бұл ахуал біздің жинақталған қаражатымызға қалай әсер етуі мүмкін, соны айтып жібересіз бе?

Газеттердің редакциларына, www.enpf.kz сайтына, әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ парақшаларына, Қордың байланыс орталығына зейнетақы жинақтары мен жалпы зейнетақы жүйесі туралы көбірек білгісі келетіндерден сауалдар келіп түседі. Олардың ішіндегі ең көп қойылатын сауалдарға жауапты «БЖЗҚ сұрақтарға жауап береді» айдарынан оқи аласыздар.

Қайырлы күн! Қазір бүкіл әлемде жағдай шиеленісіп тұр, доллар мен еуро бағамдары күн сайын артып келеді, сол үшін де БЖЗҚ салымшылары ретінде зейнетақы жинақтарының жай-күйіне қатысты алаңдап отырмыз. Бұл ахуал біздің жинақталған қаражатымызға қалай әсер етуі мүмкін, соны айтып жібересіз бе?

БЖЗҚ-ның әрбір салымшысы мен алушысының зейнетақы жинақтары жеке зейнетақы шотына келіп түсетін жарналардан және есептелетін инвестициялық кірістен құралады. Соңғысы бағалы қағаздар (салымдар және басқа да операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістерден, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалау түріндегі кірістерден, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т. б. жинақталады. 

Қазіргі кезде БЖЗҚ зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар басқара алады. Олар инвестициялық табыс алу мақсатында зейнетақы активтерін Қазақстанда және шетелде экономиканың барлық секторларында, бірқатар валюталарда түрлі қаржы құралдарына орналастырады. Әртараптандыру зейнетақы жинақтарының сақталуын және тұрақты табыстылығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, зейнетақы жинақтары қаржы құралдарына түрлі валютада инвестицияланды. 2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша инвестициялардың 2/3 теңгемен, 1/3 шетел валютасымен, валюталық инвестициялардың басым бөлігі АҚШ долларымен орналастырылды. 

Нарықтық және валюталық қайта бағалаудан түскен кіріс жеке алынған кезеңде оң да, теріс те болуы мүмкін. Сондықтан  инвестициялық қызметтің нәтижесінде шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық табыстың мөлшері әр түрлі болуы ықтимал. 

Зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық табыстың мөлшерін кемінде 1 (бір) жыл кезеңінде талдау орынды екенін атап өткен маңызды. Қысқа мерзімді деректер (апта сайынғы, ай сайынғы және т.б.) – айқын нәтиже көрсетпейді, өйткені, ол нарықтың үнемі құбылмалығына тәуелді. Мысалы, салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-сына бөлінген 2021 жылғы таза инвестициялық табыс сомасы шамамен 1,4 трлн теңгені құрап,  бір жыл ішінде түскен жарналар сомасынан асып түсті (1,3 трлн теңге). БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік 2021 жылы Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруымен жыл басынан бері 11,13% (бұл мерзімді банктік депозиттер бойынша табыстылықтан жоғары), инфляция 8,4% болды.

Қайткен күнде де, жинақтарыңыздың сақталуы туралы алаңдаудың қажеті жоқ. ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңына сәйкес, мемлекет зейнетақы төлемдеріне құқық алған кездегі инфляцияны ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік береді. Әлемде баламасы жоқ бұл норма салымшылардың жинақтарын инфляциядан сақтауға ықпал етеді. Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аударған кезде мемлекет кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен алмастырылады.

           Инвестициялық басқарудың және зейнетақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі ашық болып табылады: әрбір салымшы өзінің инвестициялық табысын enpf.kz сайты немесе мобильді қосымшадағы жеке кабинеттен 24/7 тәртібінде көре алады. Айта кетейік, зейнетақы активтерін қайта бағалау апта сайын және әр айдың соңғы күнінде жүргізіледі.

          БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткіштер/инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.

Дата публикации
28 марта 2022
Дата обновления
28 марта 2022
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы