
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы
18 наурыздың № 1-03/26 қаулысымен Баянауыл ауданы Жанатілек ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша, Жанатілек сайлау округі Жанатілек ауылдық округінің шекарасында құрылды. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 18 наурыздағы № 1-03/25 қаулысымен Баянауыл ауданының Жанатілек ауылдық округінің әкімінің сайлауын 2022 жылғы 17 сәуірге тағайындады.
Баянауыл аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы