Лого

Меню

Страницы

Статья

Егер құжатыңыздың қағаз нұсқасы жоғалып немесе жарамсыз болып қалса, уайымдамаңыз.

Цифрландырудың арқасында қазір кез келген құжатты қалпына келтіру оңай. Осыған дейін біз автокөліктің техникалық паспортын қалай қалпына келтіру керектігін айтқан болатынбыз. Бүгін тағы бір маңызды құжат – жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының кезегі келді.

Құжаттың төлнұсқасын (дубликатын) екі тәсілмен – eGov порталы арқылы немесе ХҚО арқылы жасауға болады.

Еgov.kz порталы арқылы төлнұсқа алуға өтінім беру үшін ЭЦҚ көмегімен авторизациядан өтіп, іздеу жолағына «Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының төлнұсқасын беру» қызметін жазыңыз. Қызметке онлайн тапсырыс беріп, өтінімді толтырасыз және оған ЭЦҚ-мен қол қойыңыз. Ары қарай «Төлеу» батырмасын басып, төлем жүргізіңіз.

Жеке кабинетке сұратылған құжаттың дайын екендігі туралы хабарлама келіп түскен соң, сіз оны көрсетілген ХҚО-дан алып кете аласыз немесе құжатты үйге дейін жеткізу сервисін пайдаланыңыз.

Қызмет жылжымайтын мүлік объектісінің ауданына байланысты 1-3 жұмыс күні ішінде дайын болады.

Дата публикации
20 января 2022
Дата обновления
20 января 2022
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы